Білім алушылар үшін бастау алған "Мектепке жол" акциясы аясында "Ansar volunteer" тобы 33.000 теңге көлемінде қаржы жинады.
Барлығы 6 отбасының 16 баласын (оқушы) "Хасен" сауда орталығынан 30% арнайы жеңілдік ұсынуымен 24 060 теңгелік оқу-құралдармен қамтамасыз етті. Қалған қаражат жинақ қорында сақтаулы.
Сонымен қатар, көмек көрсетілген оқушылардың ата-аналарына АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алу, тіркеуге тұру, бизнес бастау, кәсіппен айналысу туралы толық ақпараттар берілді.
Білім жолына басқан әр оқушының қадамы оң болып, @ansar_volunteer тобының ісінде береке тілейміз!