
А.ж. 24 ақпан күні ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі А.Құрманов «Ақтөбе релсь-арқалық зауыты» ЖСШ-нің қызметкерлеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Басты мақсат – халықтың діни сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, діни тұрақтылықты сақтау мен конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады.
Қатысушылар тарапынан қойылған барша сұрақтарға нақты жауаптар берілді.