ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ КИБЕРТЕРРОРИЗМ

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ КИБЕРТЕРРОРИЗМ

Кибертерроризм туралы түсінік:
Заманауи ақпараттық технологияларды кіргізумен байланысты ғылыми-техникалық прогресстің дамуы жаңа қылмыс түрлерінің пайда болуына, атап айтқанда электронды есептеуіш машиналардың, жүйелер мен компьютерлік жүйелердің жұмысына заңсыз кіруге, компьютерлік ақпаратты ұрлауға, меншіктеп алуға, тартып алуға, "Киберқылмыскерлік" деп кең атау алған қауіпті әлеуметтік құбылысқа әкелді.
Кибертерроризмді терроризмнің технологиялық түрлеріне жатқызуға болады. Дәстүрлік терроризмге қарағанда, бұл терроризм түрі террористік акцияларда компьютерлік және ақпараттық технологиялар, радиоэлектроника, гендік инженерия, иммунология салаларында ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолданады.

Террористік топтар өз мақсаттарында интернетті қолдану тәсілдері:

1. Террористік әрекеттерді қолдау үшін ақша жинау.
2. Террористік әрекеттер, олардың мақсаттары мен мүдделері туралы толығырақ ақпараты бар сайттар құру, осы сайттарда террористерді қолдайтын адамдардың кездесуі туралы мәліметтерді орналастыру .
3. Қаржы институттарынан олардың кибертерроризм актілерін болдырмау, өз беделдерін түсірмеу үшін ақша шығарту.
4. Сайт парақшаларында болашақ және жоспарланған әрекеттер туралы көпшілікке хабарлау үшін немесе сондай хабарламаларды электронды поштамен жіберу үшін интернетті қолдану.
5. Террористік әрекеттер дайындау базаларын орын ауыстыру.
6.Террористік әрекеттерге ештеңеден күдіктенбейтін қатысушыларды қосу, мысалы өз істері түбінде неге әкелетінін білмейтін хакерлер.
7. Шифрленген хабарламалар жіберу үшін электронды пошта немесе электронды хабарландыру тақталарының мүмкіндіктерін пайдалану.
8. Интернетке жарылғыш заттар мен жару құрылғылары, у, уландырғыш газдар туралы ақпарат, сол сияқты оларды өз қолымен жасау бойынша нұсқаулықтар бар террористік бағыттағы сайттарды салу. Тек орыс тілді Интернеттің өзінде осындай мәліметтері бар ондаған сайттар бар.

Еуропа Кеңесінің конвенциясында көрсетілген негізгі киберқылмыс түрлері:
• Ақпараттық ортаға заңсыз ену
• Ақпараттық ресурстарды заңсыз ұстау
• Магниттік жинақтауыштардағы ақпаратқа араласу
• Компьютерлік жүйеге араласу
• Телебайланыстық құрылғыларды заңсыз пайдалану
• Компьютерлік құрылғыларды қолдана отырып алдап-арбау
• Конвенцияда қарастырылған әрекеттерге қатысты қылмыстар
• "Балалар" порнографиясына жататын қылмыстар
• Авторлық және аралас құқықтарды бұзуға жататын қылмыстар

XXI ғасыр кибертерроризмі:
Қазіргі террористерді киберкеңістікті қолдану қызықтыратыны кибертерракты жасау үшін үлкен қаржылық шығындар керек емес – тек интернет желісіне қосылған дербес компьютер және арнайы программалар мен вирустар керек.
Терроризм глобальді компьютерлік желіде қарқынды дамып келеді: интернет сайттар кенеттен пайда болады, жиі форматтарын ауыстырады, кейін адрестерін де ауыстырады. Егер 1998 ж. АҚШ-тың «шетелдік террористік ұйымдары» тізіміне кірген 30 террористік топтардың жартысына жуығының өз сайттары болса, онда бүгін барлық террористік топтар интернетте.
Олардың ішінде - «Сендеро Луминосо» және «Тупака Амару» перулік террористер, ауғандық «Талибан» қозғалысының жауынгерлері, «Еркін Грузия» тобынан грузиндік ұлтшылдар, «Тамильдік қарсыласу қозғалысы» және басқада түрлі ұйымдық және идеологиялық негізде қызмет ететін террористік құрылымдар.
«Аль Каида», «Хезболла», «Хамас», «Абу Нидаль ұйымы», «Қара жолбарыстар» («Тамил Иламды осату жолбарыстарымен» байланысты) өз шаңырақтарын үгіттеу үшін ғана киберкеңістікті қолданып қоймайды, сол сияқты ұлттық инфрақұрылымын нысандарына соққы үшін, шетел сайттары мен серверлеріне шабуыл үшін қару ретінде қолданады.
Террористік сайттардың интернет-аудиториясы террористердің потенциалды және нақты жақтастарын іске қосу үшін, тікелей конфликтке араласпаған халықаралық қоғамдық көзқарасқа әсер ету үшін, террористер қарсы соғысатын "жауы" - мемлекеттер мен ұйымдардың азаматтарының моральдік қасиеттерін өзгерту үшін қолданылады.