ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ

ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ

Ақтөбе облысында жылдан жылға діни білімі жоғары мамандардың саны артып келеді.Облыстағы мешіттер мен арнайы мекемелерде қызмет ететін діни білімі жоғары мамандардың көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға өсіп, 77 пайызды құрап отыр. Бұл Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі.Өңірімізде кадр мәселесін шешу мақсатында облыс әкімі О.Оразалиннің қолдауымен бірқатар шаралар атқарылуда. Оның бір дәлелі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Ақтөбе қаласында дайындық курсының ашылуы. Аталған мекемені биыл 10 талапкер нәтижелі аяқтап, жоғары оқу орнында білімдерін жетілдіретін болады.Діни мамандарды даярлау мақсатында 2019 жылы облыс әкімінің 9 гранты бөлінсе, биыл 4 грант бөлінді.«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 9 түлегі және Ақтөбе медресе-колледжінің 9 шәкірті Ақтөбе облысындағы мешіттерге жұмысқа орналасты.Бір қуантарлығы – барлығы да жергілікті Ақтөбенің тумалары.
Бұл өз кезегінде діни кадрлардың тұрақты қызмет етуіне мүмкіндік беретін болады.