Мектеп оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мектеп оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

А.ж. 7 қараша күні ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі О.Вороневич Ақтөбе қаласы №12 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Басты мақсат – халықтың діни сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, діни тұрақтылықты сақтау мен конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады.

Оқушылар тарапынан қойылған барша сұрақтарға нақты жауаптар берілді.