
Бүгін, Рухани келісім күніне орай облыстық дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен жергілікті діни бірлестік өкілдерінің арасында «Бейбітшіліктің қанаты- Рухани келісім!» атты мерекелік шара өткізілді.
Шараның ашылу салтанатында облыстық дін істері басқармасы басшысының м.а Д.Қуаныш құрметті қонақтарды атаулы мерекемен құттықтай отырып, қоғамдағы рухани келісімнің бағасы қымбат екенін атап өтті. Сонымен бірге облыстық мәслихаттың өкілі де сөз сөйлеп, пікірін білдірді.
Жиын барысында жергілікті діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен жыл бойы атқарылған конфессияаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған іс-шаралар қорытындыланып, бейбітшілікті тұрақты дамыту және діндер мен конфессиялар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, шара барысында Ақтөбе облысының діни бірлестіктер Клубы мүшесі екендігін растайтын төс белгілер мен естелік сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, мерекелік шара аясында тақырыптық кітаптардың көрмесі және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.