Қазыналы қарттарымыз аман болсын!
Халықаралық қарттар күніне орай облыстық дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев көп балалы ана, еңбек ардагері З.Бимағанбетованы мерекемен құттықтап, Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаровтың мерекелік құттықтау хатын табыстады.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз🌺!