Ақтөбеліктер шындықты жақсы көреді, талапшыл – Асхат Шахаров
Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктердің бәрі 15 қыркүйекке дейін жаңа үйге қаныстануы тиіс. Ал бұзылған бөгеттерді жөндеу жұмысы қарашаға дейін созылады. Жарамсыз болып қалған 47 шақырым жол қалпына келтірліп жатыр. Ал понтон көпірмен қатынайтын Ойыл тұрғындары болса, келер жылды күтеді. Мұндағы құрылыс биыл аяқталмайды.
Ақтөбе өңіріне әкім болып тағайындалған Асхат Шахаров бір жылда бірталай қиындыққа тап болды. Kazinform тілшісіне берген сұхбатында жеке ой-пікірімен де бөлісті.