
А.ж. 28 маусым күні «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы С.Саматов Алматы ауданының пробация есебіндегі азаматтармен және олардың жақындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Дәстүрлі дін және ұлттық құндылықтар» тақырыбы кеңірек талқыланып, зайырлы қоғам мен дін тұтастығы және жат ағымдардың қоғам бірлігіне қауіп-қатерін пайымдап, жалпы анализ жасалды.
Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан жиі қойылып жүрген сауалдарға жауаптар берілді.