Мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

А.ж. 27 маусым күні облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Діни ағымдар идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Олардың қатарында⬇️
▪️Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
▪️Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы;
▪️Ақтөбе облысыныңішкі саясат басқармасы қызметкерлері бар.

Аталған шарада "Нұр Ғасыр" мешітінің найб имамы М.Бисеналин және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Т.Разақ тақырып төңірегінде баяндады.

Жиынның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады.

Жиын барысында тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.