Мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

А.ж. 12 маусым күні облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық еңбек инспекциясы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының қызметшілері арасында «Діни ағымдар идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Аталған шарада «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Т.Разақ тақырып төңірегінде баяндады.

Жиынның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады.

Жиын барысында тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.