Мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

А.ж. 20 мамыр күні облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметшілері арасында «Діни ағымдар идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Аталған шараға облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің наиб имамы Бисенов Махамбет, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Т.Разақ және дін істері басқармасының бас маманы М.Аманбекұлы қатысты.

Жиынның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады.

Жиын барысында тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.