
А.ж. 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай облыстық дін істері басқармасының тапсырысымен және «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен діни және этномәдени бірлестіктер отбасыларының арасында «Менің отбасым – менің байлығым!» атты сайыс ұйымдастырылды.
Аталған шараға облыстағы діни бірлестіктер ислам, православ, жетінші күн адвентистер, христиан евангелдік елуліктер және этномәдени бірлестік отбасылар қатысып, белсенділік көрсетті.
Сайыстың түпкі мақсаты, діни бірлестіктері өкілдерінің ұлтаралық және конфессияаралық келісімін нығайту, өскелең ұрпақтың эстетикалық және адамгершілік тәрбиесіндегі отбасының, отбасылық дәстүрлердің рөлін арттыру, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Шара барысында, басқарма басшысы сайысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, отбасы күні мерекесімен құттықтады.
Шара соңында сайысқа қатысқан отбасыларға Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.