
А.ж. 14 мамыр күні кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуын алдын алу және оған жол бермеу бойынша Ақтөбе қаласындағы орта мектептер мен колледждер директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған семинар өтті.
Семинарға дін істері басқармасының бас маманы М.Аманбекұлы «Дін саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, қатысушылардың назарын зайырлылық, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу қағидаттарын дамытуға байланысты дін саласының өзекті мәселелеріне аударды, жастарды деструктивті діни ағымдарға, оның ішінде интернет-ресурстардың қауіптілігі туралы баяндап өтті. Сондай-ақ, ҚР аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімдері, ұсынылған діни сайттар бойынша ақпараттармен бөлісті.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшылардан білікті жауаптар алуға мүмкіндік алды.