📌«Бауырластар зираты» аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

📌«Бауырластар зираты» аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

«Бауырластар зираты» аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Осыған орай, бүгін қаламыздағы Ұлы Отан соғысы кезінде Ақтөбе қаласының госпитальінде қаза тапқан жауынгерлердің «Бауырластар зираты» аумағында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына православиелік діни бірлестік өкілдері, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Букенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары және дін істері басқармасының қызметкерлері қатысты.

Сенбілік барысында қызметкерлер зират аумағын күл-қоқыстардан, арамшөптерден, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.