Діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен қалалық ипподромда ат үстінде серуендеу және садақ ату шаралары өткізілді

Діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен қалалық ипподромда ат үстінде серуендеу және садақ ату шаралары өткізілді

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, облыстық дін істері басқармасының тапсырмасы бойынша «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен қалалық ипподромда ат үстінде серуендеу және садақ ату шаралары өткізілді.

Шараның басты - жергілікті діни бірлестіктердің арасындағы конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту және еліміздің ұлттық мәдениетіндегі отбасылық қарым-қатынастар тарихын халыққа көрсету.

Аталған шараға ислам, православ, кришна, евангелдік христиан елуліктер мен баптисттер қатысып белсенділік көрсетті.