Мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

А.ж. 27 наурыз күні облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік сатып алулар және мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармаларының қызметшілері арасында «Діни ағымдар идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Аталған шараға облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің наиб имамы Шадман Мұхаммед Исмайл және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Т.Разақ қатысты.

Жиынның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады.

❓Жиын барысында тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.