
Бүгін, Ақтөбе облысының дін істері басқармасының қодауымен христиан евангелдік елуліктер шіркеуінің ұйымдастыруымен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ананың ақ батасы» атты іс-шара өтті.
Аталған шараға облыс аумағындағы діни бірлестіктер мен этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері және ҮЕҰ мүшелері қатысты.
Негізі мақсаты халық арасындағы татулық пен бірлікті нығайту және еліміздің ұлттық мәдениетіндегі отбасылық қарым-қатынастар тарихын халыққа көрсету.
Іс-шара барысында музыкалық бағдарламалар қойылып, шіркеу ішіне экскурсия жасалды.
Сонымен қатар, шара барысында діни берлестік өкілдері ақ тілектерін жеткізіп, нәзік жанды әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтады.