
А. ж. 13-14 ақпан күндері облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Мәртөк ауданына іс-сапармен барып, Родников, Қаратоғай, Тәңірберген ауылдық округінің мәдениет үйі қызметкерлері мен Сарыжар және Хлебодар орта мектебінің оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында дін және мемлекет, зайырлылық ұғымы, рухани құндылықтар мен мәдениет, елімізде тыйым салынған діни-экстремисттік ұйымдар, әлеуметтік желідегі діни сайттарды дұрыс таңдаудың жолы туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.