«Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің кері әсері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің кері әсері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

А. ж. 16 қаңтар күні облыстық дін істері басқармасының теолог маманы, республикалық «Мұнара» телеарнасының тілшісі Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің 1-2 курс студенттеріне «Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің кері әсері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында интернет пен әлеуметтік желілерде жат ағым идеологиясының таралу қаупі мен оның салдары турасында ескертіп, кез келген ресурстың мәліметін сүзгіден өткізіп, ресми мамандардан кеңес алуға шақырды.

Шара соңында студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.