«Деструктивті діни ағым белгілері» тақырыбында кездесу өтті

«Деструктивті діни ағым белгілері» тақырыбында кездесу өтті

А. ж. 15 қаңтар күні "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының теолог маманы «Деструктивті діни ағым белгілері» тақырыбында ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе авиациялық бақылау бөлімінің еңбек ұжымына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында дін және мемлекет, зайырлылық ұғымы, рухани құндылықтар мен мәдениет, жат ағымдардан сақтану жолдары туралы маңызды ақпараттар талқыланды.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.