
Бүгін Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында "Діни ұйымдар мен культтердің трансформациясы" тақырыбында дәріс өтті. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары қозғалды, діни ұйымдардың қызметіндегі өзгерістердің жағымсыз және оң жақтары, дін саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу атап өтілді.