«Тату отбасы – ел тірегі» атты отбасыларға арналған семинар өтті

«Тату отбасы – ел тірегі» атты отбасыларға арналған семинар өтті

Бүгін облыстық дін істері басқармасы және ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясын өткізу жоспары бойынша облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Тату отбасы – ел тірегі» атты отбасыларға арналған семинар өтіп, оған 50-ден астам адам қатысты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында өткен семинарға Ақтөбе облысының Бас имамы, Еуропа ассамблеясының құрметті мүшесі, заң ғылымдарының докторы, медиатор жаттықтырушы, облыстық дін істері басқармасының дін маманы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі, жас жұбайлар, үлгілі отбасылар, ақсақалдар мен әжелер, БАҚ өкілдері т.б қатысты.

Шара қорындысында салтанатты түрде жас жұбайларға «Нұр-Ғасыр» мешіті атынан неке куәлігі табысталып, естелік фотоға түсті.