Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Хромтау ауданында

Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Хромтау ауданында

А.ж. 28 қыркүйек күні облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Хромтау ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру тобының жұмыстарына «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы мен теолог мамандар тартылды.

Іс-сапар барысында, Қызылсу, Тассай, Көктөбе ауылдық округтерінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер барысында мамандар "Интернет сети и деструктивные религиозные культы", "Жат ағымның белгілер", "Діннің қоғамға ізгі әсері мен тәрбиесі" және т.б. тақырыптарында дәріс оқып, жат ағымдардың зияны, сол жолды ұстанушылардың белгілері және одан сақтану жолдары, діни сауаттылық т.б. өзекті мәселелерді сөз етті.

Аудиториялар тарапынан сауалдар қойылып, мамандардан дәйекті жауаптар алынды. Қатысушыларға ақпараттық жадынамалар мен әдістемелік құралдар таратылды.