Сазды тұрғын алабының ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

Сазды тұрғын алабының ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

📌А. ж. 17 мамыр күні, Сазды тұрғын алабының ауыл тұрғындарымен "Рухани тәрбиенің діңгегі - дін мен дәстүр" тақырыбында кездесу өтті.

✅"Сазды" мәдениет үйінде өткен кездесуге Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы басшысының орынбасары, теолог маман, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы және Астана ауданы әкімінің орынбасары қатысты.

📝Мамандар ауыл тұрғындарына қоғамдағы діни келеңсіздікті тудырып жүрген жат ағым өкілдері туралы ақпарат беріп, олардың белгілері мен сақтану жолдарымен таныстырды.

💠Ауыл тұрғындары дін төңірегіндегі сауалдарына жауап алып, өзара пікір алмасты.