
✅А.ж. 18 мамыр күні, Ақтөбе облысының дін істері басқармасының қолдауымен, христиан евангелдік елуліктер шіркеуінің ұйымдастыруымен «Елуіншілер күні тарихы мен дәстүрлері» атты ашық есік күні өтті.
👥Аталған шараға облыс аумағындағы діни және этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, ҮЕҰ мүшелері қатысты.
💠Негізі мақсаты халық арасындағы татулық пен бірлікті нығайту және Елуінші күн мерекесінің рухани құндылықтары мен маңыздылығын, жасалатын дәстүрлі діни жоралғыларын халыққа таныстыру.
🔶 Сонымен қатар, аталмыш шарада музыкалық бағдарламалар, шіркеу ішіне экскурсия және картина көрмесі қойылды.
🔷Жиын барысында, басқарма басшысы шіркеу қызметкерлеріне алғысын білдіріп, келе жатқан елуіншілер күні мерекесімен құттықтады.