
✅А.ж. 10 мамыр күні “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының теолог және психолог мамандары Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлерімен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📄Мамандар “Деструктивті діни ағымдардың белгілері және таралу жолдары” тақырыбында дәріс оқыды.
📌Сондай-ақ, интернет пен әлеуметтік желілерде жат ағым идеологиясының таралу қаупі мен оның салдары турасында ескертіп, кез келген ресурстың мәліметін сүзгіден өткізіп, ресми мамандардан кеңес алуға шақырды.
❔Жиын барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.