Діни әдебиеттерді, діни мақсаттағы заттарды және материалдарды сату, тарату мәселелері бойынша кәсіпкерлер арасында түсіндіру және зерделеу жұмыстары жүргізілді

Діни әдебиеттерді, діни мақсаттағы заттарды және материалдарды сату, тарату мәселелері бойынша кәсіпкерлер арасында түсіндіру және зерделеу жұмыстары жүргізілді

📌Дін істері басқармасының мамандарымен а.ж. 31 қаңтар күні діни әдебиеттерді, діни мақсаттағы заттарды және материалдарды сату, тарату мәселелері бойынша кәсіпкерлер арасында түсіндіру және зерделеу жұмыстары жүргізілді.

✍Зерделеу шаралары Ақтөбе қаласындағы «Нұрдәулет», «Жилгородок» базары, Ш.Қалдаяқов көшесіндегі «Анвар» супермаркеті, «Нектар», «Asyl» сауда үйлерін қамтыды. Жүргізілген мониторинг барысында аталған орындарда заң бұзу оқиғалары анықталған жоқ.

🔊Айта кетер жәйт, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 9 бабы 2 тармағына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.

📌Осыған орай, құрметті қала тұрғындары, Сіздерден қандай да бір діни мазмұндағы әдебиеттердің немесе ақпараттық материалдардың арнайы рұқсатсыз таратылуы немесе сатылуы фактілерін анықтаған жағдайда дереу облыстық дін істері басқармасына хабарлауларыңыз сұралады.

✅Діни әдебиеттер мен діни мақсаттағы заттарды сатып алу үшін арнайы рұқсат етілген мекен жайларды басқарманың ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларынан алуларыңызға болады.

📞Байланыс телефоны: 55-23-43