
📌А. ж. 26 – 27 қаңтар күндері Ақтөбе облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы Ойыл ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын жүргізді.
✅Кездесулер барысында ауылдық округі әкімдігі ғимаратында ауыл тұрғындарымен, полиция бөлімінің қызметкерлерімен, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздармен, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде оқытушылармен, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің оқушыларымен және мұғалімдерімен, Берсиев ауылдық клубының мүшелерімен, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп – гимназиясының оқушыларымен және мұғалімдерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📝Мамандар экстремизм және терроризм идеяларының шынайы ниеттері, тыйым салынған діндердің мәні мен қоғамға төндіретін әлеуметтік қаупі, олардан сақтану жолдары т. с. с. толыққанда ақпараттармен бөлісті.
👥АТТ мүшелері аудиоториялар тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып, қарсынасихаттық бүктемелер үлестірді.