
Ақтөбе облысында «Нұр Ғасыр» мешітінің жаңа бас имамы болып Серікжан Еншібай тағайындалды.
11 маусым, жұма күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Серікжан Еншібай мен оның алдында облыстың бас имамы болған Төлеби Оспанды қабылдады. Өңір басшысы жаңадан тағайындалған имамның жұмысына табыс тілеп, бес жыл бойы ҚМДБ-нің Ақтөбе облысындағы уәкілетті өкілі әрі облыстық орталық мешіттің бас имамы болған Төлеби Оспанға осы жылдары атқарған қызметі үшін алғысын білдірді. Белгілі болғандай, Төле би Оспан Алматыға бас имам болып тағайындалған.
Серікжан Еншібай 1982 жылы 8 қыркүйекте туған. Халықаралық қазақ-араб университетін, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетін тәмамдады. Түркия мен Египетте білімін жетілдіру курсынан өтті.
ҚМДБ-да референт болып жұмыс істеп, Ақтөбе облыстық орталық "Нұр ғасыр" мешітінің наиб имамы, Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы қызметтерін атқарды.
2018 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласындағы «Ибрахим» мешітінде бас имам болған.