10 желтоқсанда "Ислам – мәдениет пен гуманизмнің негізі" тақырыбында IV Республикалық имамдар форумы өтті. ⠀
Форумның мақсаты-мұсылман үмбеті арасында ұлттық рухани дәстүрлерге негізделген діни жоралғылардың өткізілуін ретке келтіру, сондай-ақ зияткерлік имам мәртебесіне лайықты дін қызметкерлерін іріктеудің тиімді жүйесін енгізетін құжаттарды қабылдау болып табылады.⠀
Форум жұмысына онлайн режимінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, имамдар қатысты.⠀
Онлайн-форматта ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаев құттықтау сөз сөйледі. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып, бірқатар мешіттердің имамдарына ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан марапаттарды табыс етті.⠀⠀Форум қорытындысы бойынша "еске алу іс-шараларының мәдениеті", "зиратқа бару мәдениеті", "зияткер имам" құжаттары, сондай-ақ үндеу қабылданды. Аталған құжаттар ел өңірлеріндегі діни жораларды біріздендіруге және зияткерлік имамдарды іріктеуге оң әсерін тигізеді.