24 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Н. Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығында болды.

24 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Н. Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығында болды.

Орталық қызметкерлері министрге әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ресми сайтын таныстырды.
Ұжыммен кездесу барысында Съездің XIX хатшылығына дайындық мәселелері және әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезін ұйымдастыру мәселелерін пысықтау бойынша Орталықтың қабылдап жатқан шаралары талқыланды.

Министр хатшылық пен Съезге қатысушылармен халықаралық әріптестікті одан әрі дамыту және орталықтың әдістемелік, талдау және ақпараттық жұмысының сапасын арттыру бойынша тапсырмалар берді.

Кездесуді қорытындылай келе, Аида Балаева орталықтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық келісім мен өркениетаралық диалогты нығайту жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету жөніндегі жұмысының маңыздылығын атап өтті.