Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке шағымдану тәртібі

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» бірыңғай ақпарат орталығының 1414, 8-800-080-7777 (қонырау соғу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе қызмет беруші тарапынан дөрекілікке жол берілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің әкіміне немесе egov.kz порталы арқылы жолданады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым арызда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телфондары (егер бар болса) шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағымда әрекеттері немесе әрекетсіздігіне шағымданып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, арыздану себептері мен талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға шағымның қабылданғанын растайтын шағымның қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.

Дата публикации
02 декабря 2021
Дата обновления
02 декабря 2021
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

27 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған тәуекелдеріне ұшыраған бөлімдер тізбесі
27 августа 2025
«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Din_aktobe
Дін істері басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы