Меню

Страницы

Статья

"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттарды) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгеру) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттарды) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгеру) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

22 (жиырма екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Қағаз және (немесе) электрондық түрінде.

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттарды) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгеру) туралы шешім немесе немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды пошта арқылы кеңсе арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжат (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы) ұсынған кезде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар жеке куәлік (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынылғаннан кейін тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары келесі интернет-ресурстарында орналастырылған:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz;
Портал: www.elicense.kz

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) қайта бейіндеу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және оған тиесілі болатын діни бірлестіктің, қайта бейіндеудің мақсаттарын, аталған аумақтағы діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер санын, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлердің үміткерлері көрсетіледі);
3) меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
4) үйлерді (ғимараттарды) қайта бейіндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратына) қайта бейіндеуге (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның үй-жайы болған жағдайда) ұсынылады.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) қайта бейіндеу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеменің электронды көшірмесі (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және оған тиесілі болатын діни бірлестіктің, қайта бейіндеудің мақсаттарын, аталған аумақтағы діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер санын, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлердің үміткерлері көрсетіледі);
3) меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хатының электронды көшірмесі (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
4) үйлерді (ғимараттарды) қайта бейіндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратына) қайта бейіндеуге (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің электронды көшірмесі ұсынылады.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хатының электронды көшірмесі ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның үй-жайы болған жағдайда) ұсынылады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, имандылыққа нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліленуге итермеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктің қызметі дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болуға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
8) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін ағза функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері шыға отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс-орталығының интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Бірыңғай байланыс-орталығы:1414, 8-800-080-7777

 

Дата публикации
12 августа 2020
Дата обновления
12 августа 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

27 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған тәуекелдеріне ұшыраған бөлімдер тізбесі
27 августа 2025
«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Din_aktobe
Дін істері басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы