|
"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары
|
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz
|
|
3
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі
|
10 (он) жұмыс күні Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеудің мерзімі тоқтатыла тұрады
|
|
4
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны
|
Қағаз және (немесе) электрондық түрінде
|
|
5
|
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi
|
Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны- қағаз және (немесе) электрондық түрінде. Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты: көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды пошта арқылы кеңсе арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжат (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы) ұсынған кезде жүзеге асырылады; Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар жеке куәлік (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынылғаннан кейін тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады; Портал арқылы: мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. Мемлекеттік корпорация нәтиженің 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады. Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады; 2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады. 3) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары келесі интернет-ресурстарында орналастырылған: көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz; Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz; Порталы: www.elicense.kz
|
|
8
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда: 1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш; 2) паспорттың көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдар үшін); 3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжат (діни бірлестік басшысының қолы және мөрімен бекітіліп, берілген күні көрсетіледі); 4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесi; 5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар. 6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың көшірмесі (болған жағдайда) ұсынылады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелуі (қайта тіркелу) үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады: 1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың көшірмесі; 2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжатының көшірмесі. Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады. Порталға жүгінген жағдайда: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) паспорттың электронды көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдар үшін); 3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжаттың электронды көшірмесі (діни бірлестік басшысының қолы және мөрімен бекітіліп, берілген күні көрсетіледі); 4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының электронды көшiрмесi; 5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттардың электронды көшірмесі; 6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың электронды көшірмесін (болған жағдайда) ұсынады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелуі (қайта тіркелу) үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады: 1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электронды көшірмесі; 2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаттың электронды көшірмесі. Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.
|
|
9
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады. 5) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы; 6) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған. Тіршілік әрекеттерін шектейтін ағза функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері шыға отырып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс-орталығының интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады. Бірыңғай байланыс-орталығы:1414, 8-800-080-7777
|