Анықтама
«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ
2024-2026 жылға азаматтық бюджет
"Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" ММ облыс аумағында дін саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өз қызметін Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №203 қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
"Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" ММ қарамағында келесі ведомстволық бағынысты ұйым бар:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қазандағы №74 шешімімен бекітілген. "2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізілді № 151 2024 жылдың 10 шілдедегі шешіміне сәйкес.
"Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" ММ 269 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып 2024-2026 жылдарға арналған 3 бюджеттік бағдарлама бекітілді:
269 001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 2024 жыл – 170 356,0 мың теңге, 2025 жыл – 163 261,0 мың теңге. 2026 жыл -163 261,0 мың теңге;
269 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» - 2024 жыл – 200,0 мың теңге, 2025 жыл -0,0 мың теңге, 2026 жыл -0,0 мың теңге.
269 005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау» "Аңсар" ақпараттық-талдау орталығы КММ - 2024 жыл – 62 704,0 мың теңге, 2025 жыл -69 483,0 мың теңге, 2026 жыл -69 483,0 мың теңге.