«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы қоғамдық талқылау бойынша ХАТТАМАСЫ

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы қоғамдық талқылау бойынша

ХАТТАМАСЫ

 

Ақтөбе қаласы                                                               2024 жылғы 22 мамыр

 

         Төраға: А.Туралиев – басқарма басшысы

         Хатшы: Г. Абенова – ұйымдастыру және жоспарлау бөлімінің басшысы

         Қатысқандар: басқарма қызметкерлері.

 

КҮН ТӘРТІБІ

 

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау

         М. Кульбергенов: басқарма басшысының 2024 жылғы 30 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 36-Ө бұйрығының негізінде басқармада және басқармаға бағынысты мекемеде 2024 жылғы 30 сәуір - 30 мамыр аралығында 2024 жылғы І-тоқсандағы басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Г. Абенова: 2024 жылғы 30 сәуір - 30 мамыр аралығында басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Ішкі талдау нәтижесінде персоналды басқарумен байланысты – 1 және қолданыстағы құқықтық актілерде – 1 сыбайлас жемқорлык тәуекелі анықталды.

«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығы:

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»

Діни мақсаттағы заттарды тарату үшін өтініш беру арқылы тұрақты үй-жайды ашуға облыс әкімінің қаулысы арқылы шешім қабылданады. Алайда, оның жабылу мәселесі нақтыланбаған.

Мысал ретінде, аймақта қаулымен ресми діни әдебиет сататын 16 үй-жайдың 6 өз қызметтерін тоқтатқан және ол туралы әкімдікке үй-жай иесі хабарламаған. Бүгінде аталған үй-жайлардың қызметіне талдау жүргізу барысында өз қызметтерін тоқтатқаны анықталған, ерікті өтініш жаздырып, қаулыға өзгерістер енгізіліп отыр.

Орталық құрамы 20 қызметкерден (мекеме басшысы – 1, орынбасары – 1, есепші/мемлекеттік сатып алу жөнінде маман – 1, көлік жүргізуші – 1, кадр маманы – 1, «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі» –7, «БАҚ және интернет ресурстарымен жұмыс бөлімі» – 4, «Талдау және мониторинг бөлімі» – 4) тұрады.

Талдау жүргізу барысында «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде 2 маман (1 орын 29.12.2023,екіншісі 29.12.2023ж. бастап), талдау және мониторинг бөлімінде 2 маман (1 орын 03.04.2023, екіншісі 31.01.2024 бастап бос) лауазымдарының бос тұрғаны анықталды.

Қағидаға діни мақсаттағы заттарды тарататын үй-жайды жабуға да өтініш түсіру қарастырылуы қажет деп есептейміз.

Осы тәуекелдер бойынша жұмыс тобының мүшелері ұсынымдар енгізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша мынадай ұсынымдар берілді:

  1. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолдау;
  2. Бос орынға қызметкер алу бойынша «Еңбек.кz» порталына хабарлама орналастыру;
  3. Қызметшілерді тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінін 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығының талаптарын сақтау.

 

Жиналыстың қорытындысы:

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін;
  2. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылсын.
  3. Қолданыстағы діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңның талаптары қатаң сақталсын.

 

 

Төраға:                                                                                           А.Туралиев

 

Хатшы:                                                                                       Г. Абенова

Дата публикации
27 мая 2024