
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметі барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды.
Қоғамдық талқылау 2025 жылғы 30 мамыр күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де өтеді.
Қоғамдық талқылауға барлық мүдделі тұлғалар шақырылады. Талқылау жұмыс тобының құрамында, ашықтықты, айқындықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Қосымша ақпарат алу және қатысу мәселелері бойынша келесі байланыс тұлғаларына жүгінуге болады:
- деректерді басқару бөлімінің басшысы - Нукусова Гүлнұр Қайыржанқызы,
- цифрландыру бөлімінің басшысы - Жақсылық Заманбек Сәрсенғалиұлы.
Байланыс телефоны: +7 (7132) 41-19-51.