IT - компаниялар өкілдерінің облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуі

IT - компаниялар өкілдерінің облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуі

Оңдасын Оразалин IT-компаниялардың өкілдерімен кездесті
Сенбі, 29 ақпан күні Қазақстан-Ресей Халықаралық университетінде IT-компаниялар өкілдерінің облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуі өтті.
Кездесу IT қауымдастығын құру мақсатында ұйымдастырылды. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы 11 негізгі салалық бағыт бойынша іске асырылуда, оның 6-уы басым және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ, көлік және қаланы басқарумен байланысты. Осы бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері балабақшаларға кезектерді автоматтандыру, мектепке құжаттар қабылдау, электрондық билеттеу және т.б. үдерістерді оңтайландыруға мүмкіндік берді", - деп атап өтті өңір басшысы, Алдағы 5 жылда жобаларды іске асыруды қарастыратын "СмартСити" тұжырымдамасы туралы еске салып.
Ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккер қатысушыларды 2020 жылы іске асырылатын жобалар туралы хабардар етті.
Осылайша, ағымдағы жылы "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде барлық шұғыл қызметтерді біріктіретін "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін құру, Ақтөбе қаласында ТКШ қызметінің жұмысын бақылау жүйесін құру, ақылды жарықтандыру, сондай-ақ қалалық маршруттарда электрондық билеттеуді енгізу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Жалпы, өңірді цифрландыруға ағымдағы жылы 4,1 млрд.теңге бағытталатын болады.
Кездесу барысында денсаулық сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, ТКШ, ауыл шаруашылығы, сәулет сияқты салалардағы IT шешімдер көрсетілді. Осылайша, "Светоком" ЖШС директоры И. Кисельников цифрлы рентген аппараттары мен диспетчерлік басқармасы бар жарықдиодты бағдаршамдар жобасын таныстырды, "Ақтөбеэлектрогенерация" ЖШС директоры Н.Әжікеев су мен жылуды есептеу құралдарын цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Соңында облыс әкімі облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновке және ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккерге IT-компаниялардың ұсыныстарын талдап, қажет болған жағдайда қолдау көрсетуді тапсырды.