
«Ақтөбеде байланыс сапасын арттыру мақсатында 60 жаңа және 160 базалық станция жаңартылды. Биыл жылдың соңына дейін 4G стандартымен жұмыс істейтін 130 базалық станциясын орнату жоспарлануда. Оның 40-на – «КаР-Тел» ЖШС, 90-на «Кселл» АҚ жауапты. Сондай-ақ Ақтөбеде 5G стандартты 28 базалық станциясы орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 16-сы орнатылады, осылайша біз қала аумағын жоғары сапалы мобильді интернетпен қамтимыз»,
— деді Әсет Отарбаев.

Өңірде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында үздіксіз ұялы байланыс пен мобильді интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында антенналық-діңгек құрылымдарын салу жоспарлануда. 9 ауданда АЖЖ орнату үшін 17 пункт анықталды. Жобалық-сметалыққұжаттаманы әзірлеуге келісімдер жасалды. Қыркүйек айында құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім беру және 2025 жылдың ақпанында жұмысты бастау жоспарлануда.
«Сондай-ақ, «Самара – Шымкент» республикалық тасжолының 521-571 шақырымы және «Ақтөбе-Орск» 51-69 шақырымы учаскелерінде ұялы байланыс пен интернетке қосылу жұмыстары жүргізілуде. Іске қосу биылғы жылға жоспарланған»,
— деді Әсет Отарбаев.