Әділет Барменқұлов: ҚФФ штаб-пәтері Ақтөбеде орналасады

Әділет Барменқұлов: ҚФФ штаб-пәтері Ақтөбеде орналасады

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов Ақтөбе қаласына арнайы сапарымен келді. Ол облыс әкімінің орынбасары – «Ақтөбе» футбол клубының Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуовпен бірге аймақтың футбол активімен кездесті.
 
 Басқосуға ANTEQ ұйымының мүшелері, «Ақтөбе» ФК қызметкерлері, жаттықтырушылар мен футбол ардагерлері қатысты.
 

💬
 

 Шара барысында федерация президенті Қазақстан футболының даму стратегиясын таныстырып, шаһарымызда ҚФФ-ның штаб-пәтері орналасатынын жеткізді. Сондай-ақ, алдағы уақытта Ақтөбе отандық кадрларды дайындаудың озық өлкесіне айналатынын атап өтті.
 
 Кездесу барысында Ғалымжан Елеуов келген қонаққа алғыс білдіріп, жергілікті менеджменттің дамуына бірлесе атсалысуға қолғабыс ететінін алға тартты.