«Ауыл халқының әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және ауыл тұрғындарына тең мүмкіндіктер беру осы тұжырымдама аясында қамтылған. Біз тұжырымдама арқылы ауылдан қалаға көшу процесін тоқтатып, жұмыссыздық мәселесін де жоюға тиіспіз. Биылға жоспарланған жұмыстар уақытылы әрі сапалы орындалып, бюджеттен, сонымен қоса, демеушілік арқылы бөлінген қаржы мақсатты жұмсалуы қажет. Ауылдар бір-біріне үлгі болуы керек»,
- деп атап өтті Асхат Шахаров.
Аппараттық жиында өңірлік жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелер, жарықтандыруды қамтамасыз ету және тірек бағаналарды ауыстыру шаралары, облыста құрылған жобалық кеңсенің жұмысы мәселелері де талқыланды. Жауапты мекеме басшылары мен лауазымды тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.