
Мұсылман қауымы үшін ұлық мейрамдардың бірі саналатын қасиетті Ораза айттың келуімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айынан кейін асыға жеткен бұл қуаныш бәрімізге ізгілік пен мейірім, әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық әкелсін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, жасаған дұға-тілектеріңіз орындала берсін. Айттан айтқа, оразадан оразаға аман есен жетейік. Елімізге ауызбіршілік, Отанымызға татулық тілеймін.