ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӨКТЕМГІ АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӨКТЕМГІ АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Сенбі күні қаланың бірнеше қоғамдық орындарында екі айлық тазалық акциясы аясында алғашқы сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған акция аясында, цифрлық технологиялар Басқармасының қызметкерлері Шахматшылар аллеясы мекенжайы бойынша сенбілікке шықты.

Жалпы қалалық сенбілік апта сайын 1 сәуірден 31 мамырға дейін өткізілетінін атап өткен жөн. Осы кезеңде сенбіліктерге кәсіпорындар мен ұйымдардың 600-ден астам ұжымы қатысады.

Екі ай бойы қалалық полигон қоқысты тегін қабылдайды.