Облыс тұрғындарының назарына

Облыс тұрғындарының назарына

Құрметті облыс тұрғындары!

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясы 1920-1950 жылдар аралығында қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда. Сапалы жазылған естеліктер мен материалдар редакциялық алқаның ұйғарымымен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы естеліктер кітабына енгізілетін болады. Ақпарат келесі өлшемдерге сәйкес болғаны жөн: мәтіннің тақырыпқа сәйкес келуі, публицистикалық стильде баяндалуы, тақырып ішіндегі оқиғалардың логикалық байланыстылығы мен бірізділігі, адамның аты-жөні, географиясы, мекеме немесе тағы да басқа қосымша деректерді көрсете отырып беріледі.

Осыған байланысты, сапалы жазылған материалдарды aktobesqs21@mail.ru электронды почтасына жолдауға болады.

Жобалық кеңсенің мекен-жайы: Сәңкібай батыр даңғылы 20а, 101 кабинет, тел.: 55-80-17, 8747 5463595.