«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ Қазақстан Республиканың «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына (бұдан әрі – №725 Бұйрығы) сәйкес «Ақтөбе қаласындағы жол трафигін талдау және қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесі» (бұдан әрі - МЖӘ жобасы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына тікелей келіссөздер тәсілдері арқылы бастамашылық жасау туралы хабардар етеді.
Жобаны іске асыру кезеңі: 2022-2028 жж.
МЖӘ объектісін құру кезеңі: 6 ай.
МЖӘ объектісін пайдалану кезеңі: 5 жыл.
Жобаны іске асыру орны: Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласы.
Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары:
- Заңның 9-бабының 2-тармағы 3-тармақшасына сәйкес МЖӘ жобасы бойынша инвестициялық шығындарды өтеу;
- Заңның 9-бабының 2-тармағы 4-тармақшасына сәйкес МЖӘ жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу;
- Заңның 9-бабының 2-тармағы 5-тармақшасына сәйкес МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы.
Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегейлікке тиесілігі: қолданылмайды.
Жобаның құны: ҚҚС қосқанда - 8 861 546 830 теңге.
МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:
1) ЖҚЕ бұзушылықтарын фотобейнетіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендері 67 желілік учаскеде;
2) ЖҚЕ бұзушылықтарын фотобейнетіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендері 27 қиылыста;
3) 2400 жалпы бейнебақылау камералары (631 бұрылмалы және 1769 бекітілген);
4) 208 бейнебақылау камераларын интеграциясы;
5) Полиция департаментінің қызметкерлері үшін 100 мобильді жұмыс орны;
6) 14 – операторлардың жұмыс орны
7) 1 - бейне қабырға
8) Деректерді өңдеу және талдау орталығы.
ЖҚЕ бұзушылықтарын фотобейнетіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендерінің функциялары:
Бейне және фото-тіркеу:
кіру мүмкіндігі берілген кезде (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы);
Сондай-ақ АБК функционалдық мүмкіндіктеріне мыналар жатады:
Әлеуетті жекеше әріптес мыналар үшін жауапты болады:
1) МЖӘ объектісін құруды меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен қаржыландыру;
2) МЖӘ объектісін құру, оның ішінде ҚР «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «ҚР ҰҚК мемлекеттік техникалық қызметі» аттестаттаған ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне ақпараттандыру объектісінің сынақтар актісін алу; МЖӘ объектісін құру аяқталғаннан кейін коммуналдық меншікке беріледі;
3) деректерді беру арналарын ұйымдастыруды қоса алғанда МЖӘ объектісін пайдалану.
Балама ұсынысқа қойылатын талаптар:
- әлеуетті жекеше әріптес ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 31-бабына сәйкес ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеуге арналған сертификатталған бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ жобаны іске асырудың барлық аспектілерін қамтитын көлемде, оның ішінде мақсаттар, міндеттер, функционал, іске асыру шарттары, мерзімдері бойынша айрықша құқықтары өзіне тиесілі ЖҚЕ бұзушылықтарын автоматты түрде тіркеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынуы тиіс;
- ҚР аумағында іске асырылған жол трафигін талдау және қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесін (фотобейнетіркеу және бейнеталдау) құру және пайдалану бойынша МЖӘ-нің осыған ұқсас кемінде 1 (бір) жобасын іске асыруда тәжірибесі болуы тиіс.
Балама ұсынысқа қосымша талап - әлеуетті жекеше әріптес ҚР Ақпараттандыру саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келетін жалпы бейнебақылау камераларын, сондай-ақ айрықша құқықтары оған тиесілі бейне ағындарды басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынуы тиіс.
Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес баламалы ұсынысты, сондай-ақ №725 Бұйрығының 130-тармағына сәйкес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді ұсынады. Әлеуетті жекеше әріптес Заңның 32-бабына сәйкес мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (жеке кәсіпкер үшін) болуы);
2) төлем қабілеттілігінің болуы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;
4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс, оның баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;
5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс;
6) әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшылары, басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеуге тиіс;
7) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеуге тиіс;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құнының кемінде жиырма пайызын құрайтын өз қаражатының болуына құқығы бар.
«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ осы хабарлама жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде баламалы ұсыныстарды қабылдайды.
Анықтама үшін: «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ, мекенжайы: 030000, Ақтөбе облысы , Ақтөбе қ., Абулхаир хан даң. 40. Тел: +7 (7132) 41 10 96; e-mail: informatization@aktobe.gov.kz
Байланыс тұлғалары:
Даулетов Ержан Асхатович - 87012373774.
Жақсылық Заманбек Сәрсенғалиұлы - 87712360906.