
2021 жылғы 6 қазанда «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында Ақтөбе облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Отарбаев Асет Болатовичтің қатысуымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында цифрлық технологияларды пайдалану” тақырыбында тікелей эфир өткізілді.
Тікелей эфир барысында басқарманың негізгі қызметі мен бағыттары туралы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бөлігінде қандай жұмыстар жүргізілгендігі, халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін арттыру үшін қандай жағдайлар жасалатындығы, сондай-ақ, қылмыс деңгейін төмендету үшін қауіпсіздік саласын цифрландыру бойынша қандай жұмыстар жоспарға алынғандығы жөнінде т.б. сұрақтар қойылып, сол бойынша толықтай жауап берілді. Сонымен қатар, басқарма басшысы қазіргі таңда облыс бойынша цифрландыру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен енгізіліп жатқан жобаларға жеке тоқталып өтті.
Сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған немесе пара талап етілген жағдайда, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына немесе Маресьев көшесі, 93 мекенжайы бойынша Департаментке шұғыл жүгіну қажет.