Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Перечень коррупционных рисков

 

«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ

қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері

бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Ұсыным (-дар)

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

1

Мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын келісу мерзімдерінің жиі кешігуі

Кейбір өнім берушілер конкурстық рәсімде жеңіліп қалғаннан кейін негізсіз шағым жолдайды. Бұл мемлекеттік сатып алу процесін 15 жұмыс күніне дейін кідіртіп, уақытты созуға және жеңімпаз жеткізушіні әдейі айналып өтуге жағдай жасайды. Мұндай жағдайлар мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы сенімділікке кері әсер етеді және сыбайлас жемқорлыққа жол ашуы мүмкін.

ҚР Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алуға шағымдану үшін кепілдік жарна (мемлекеттік сатып алу сомасының 0,1%) енгізу жөнінде ұсынысты қайта жолдау.

ҚР Қаржы министрлігіне ұсынысты қайта жолдау.

Хат

Деректерді

басқару бөлімінің басшысы

Г. Нукусова,

 

бас маманы Ж.Сенгирбаева

2025 жылдың екінші жартыжылдығы

2

ІТ-жобаларды техникалық негіздеу кезінде мүдделер қақтығысы

Ақпараттық жүйелер мен цифрлық платформаларға техникалық ерекшеліктерді әзірлеу барысында кейбір жеткізушілерге артықшылық беретін сипаттамалардың енгізілу ықтималдығы бар. Мысалы, техникалық талаптар тек нақты бір өнім берушіге сәйкес келетіндей әзірленіп, басқа әлеуетті жеткізушілердің қатысуына кедергі келтіруі мүмкін.

Мұндай жағдайлар бәсекелестікті шектеуге, жобалау мен сатып алу процесінің ашықтығы мен әділдігін бұзуға, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына себеп болады.

- Ақпараттық жүйелер мен цифрлық жобаларға техникалық тапсырмалар әзірлеу барысында кемінде екі құрылымдық бөлімді міндетті түрде қатыстыру;

- Әзірленген техникалық ерекшеліктерді тәуелсіз сарапшылармен немесе орталық сараптамалық ұйымдармен келісу;

- Осы процесті регламенттейтін құжатты әзірлеп, оны ҚР Үкіметі немесе уәкілетті сала министрлігімен бекіту туралы ұсынысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жолдау.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыныстарды жолдау.

Хат

Цифрландыру бөлімінің басшысы

З. Жақсылық,

 

бас мамандары

Г. Искакова,

А. Ерғали

2025 жылдың екінші жартыжылдығы

3

Қызметтік ақпарат пен жүйелік қолжетімділікті жеке мақсатта пайдалану

Мемлекеттік қызметшілердің ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорларға кең көлемде қол жеткізуі қызметтік ақпаратты жеке мақсатта пайдалану, сыртқы тұлғаларға заңсыз беру, ішкі деректерді тарату сияқты құқықбұзушылықтарға әкелу қаупін тудырады.

Мұндай әрекеттер ақпараттық қауіпсіздік нормаларының бұзылуына, құпия немесе жеке деректердің сыртқа таралуына және қоғам тарапынан мемлекеттік органдарға деген сенімнің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.

- Жүйеге қолжетімділігі бар барлық қызметкерлерге арналған ақпараттық қауіпсіздік, қызметтік этика және киберқауіпсіздік мәселелері бойынша жыл сайынғы міндетті оқытулар (сертификациялық курстар) өткізу;

- Мемлекеттік органдарда ішкі ақпараттық қауіпсіздік аудитін жылына кемінде бір рет тұрақты негізде жүргізуді нормативтік тәртіпке енгізу;

- Ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті рөлдік модель бойынша шектеу, яғни қызметтік міндеттеріне байланысты ғана қолжетімділік беру;

- Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, қызметкерлердің жүйелік қолжетімділігін және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін қайта қарап, тәуекелдерді азайту шараларын қабылдау.

Ақтөбе облысы әкімі аппаратына ұсыныстарды жолдау.

Хат

Деректерді

басқару бөлімінің басшысы

Г. Нукусова,

 

бас маманы Ш.Елешова

2025 жылдың екінші жартыжылдығы

4

Мемлекеттік қызметшілердің жеке электрондық құрылғылар арқылы құпия ақпаратпен жұмыс істеуі

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік хат алмасуды немесе құпия сипаттағы ақпаратпен алмасуды жеке меншік электрондық құрылғылар (смартфон, ноутбук және т.б.) арқылы жүзеге асыру фактілері тіркелуі мүмкін.

Мұндай әрекеттер келесі тәуекелдерге алып келеді:

- Қызметтік ақпараттың үшінші тұлғаларға заңсыз берілуіне;

- Хакерлік шабуылдар немесе зиянды бағдарламалар арқылы деректердің ұрлануына;

- Бақылаусыз таралу немесе мақсатсыз пайдалануға жол берілуіне.

- Мемлекеттік құпиялар мен қызметтік ақпараттармен жұмыс істеуді тек қорғалған ішкі корпоративтік жүйелер (VPN, мемлекеттік электрондық пошта, мемлекеттік дерекқорлар және т.б.) арқылы жүзеге асыруды міндеттеу;

- Қызметтік ақпаратқа жеке құрылғылар арқылы қол жеткізуге шектеу қою немесе толықтай тыйым салу жөніндегі әкімдік деңгейіндегі ішкі тәртіптерді бекіту;

- Жеке құрылғыларды пайдалануға байланысты ақпараттық қауіпсіздік талаптарын нақтылайтын ішкі нормативтік бұйрық немесе регламент қабылдау;

- Ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандарымен бірлесіп, барлық мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы оқыту курстарын және этикалық нұсқаулықтарды ұйымдастыру;

- Қызметтік ақпаратқа байланысты ақпараттық қауіпсіздік талаптарының бұзылу фактілері бойынша тәртіптік жауапкершілік тетіктерін енгізу.

Ақтөбе облысы әкімі аппаратына ұсыныстарды жолдау.

Хат

Цифрландыру бөлімінің басшысы

З. Жақсылық,

 

бас маманы

М. Шманов

2025 жылдың екінші жартыжылдығы

5

Бір қызметкерге шектен тыс функциялар жүктелуі

Кейбір лауазым иелеріне бір мезетте бірнеше маңызды және бір-бірімен тәуелсіз болуы тиіс функциялар жүктеліп отыр. Мысалы, бір қызметкерге: техникалық бақылау жүргізу, құжаттарға келісім беру, қаржылық есептілікті әзірлеу, актілерге қол қою, жеткізушілермен өзара әрекет ету сияқты бірнеше бағыттағы міндеттер қатар жүктелген жағдайлар кездеседі.

Бұл тәжірибе келесі қауіптерге алып келеді:

- Бақылаушы мен орындаушы функциялардың ара жігінің жойылуы - яғни, қызметкер өз жұмысын өзі бағалап, өзі растап, өзі төлемге жібереді;

- Шешім қабылдауда субъективтік пен мүдделер қақтығысы қаупінің артуы - қызметкер жеке немесе сыртқы мүдделерге сәйкес шешім қабылдауы мүмкін;

- Сыртқы және ішкі бақылау тетіктерінің тиімділігі төмендеуі, себебі шешім бірнеше рөлді атқаратын бір тұлғаның бақылауымен шектеледі;

- Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің артуы - тәуелсіз сараптама мен жауапкершілік бөлінбеген жағдайда, заңсыз шешім қабылдау ықтималдығы жоғарылайды.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда лауазымдық міндеттерді орындауда «бақылау - орындау - есепке алу» қағидатын сақтау мақсатында:

Функционалдық міндеттерді бөлу бойынша типтік модель (үлгілік құрылым) әзірлеу ұсынылады. Бұл модельде:

- бір қызметкерге тәуелсіз функцияларды жүктеуге жол берілмейді;

- бақылау, орындау және есеп беру функциялары әртүрлі тұлғаларға бекітіледі;

-  құжаттарға келісім беретін және оны бекітетін тұлғалар бөлек болуы тиіс.

Осы типтік модельді әзірлеу және барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарға енгізу туралы ұсынымды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолдау ұсынылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне ұсыныстарды жолдау.

Хат

Деректерді

басқару бөлімінің басшысы

Г. Нукусова,

 

бас мамандары Ш. Елешова,

Б. Орынбаев

2025 жылдың екінші жартыжылдығы

6

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар бойынша

Аталған ішкі талдау нәтижелері көрсеткендей, басқарма құрылымында жекелеген лауазымдарға бір мезгілде бақылау, келісу, орындау және есепке алу функциялары жүктелуі - лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіктерін жеке немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне пайдалануға жағдай жасайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттырады. Бұл - тиімді қарсы әрекет тетіктерінің болмауына және қызметтік өкілеттіктердің шектен тыс шоғырлануына байланысты орын алады.

Атап айтқанда, тәуекел келесі бағыттарда көрініс табуы мүмкін:

- Лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін не өзге де жеке мүдделерін қанағаттандыру мақсатында қызметтік өкілеттіктерін жеке мәселелерді шешу үшін пайдалану;

- Шарттардың негізсіз бекітілуі немесе орындалмаған жұмыстар бойынша қабылдау актілеріне қол қойылуы;

- Ішкі актілерді әзірлеу кезінде мүдделер қақтығысы;

- Қызметтік уақыты мен еңбекке ақы төлеу мәселесінде бұрмалаушылықтарға жол берілуі.

- Бір лауазымды тұлғаға бақылау, қаржылық шешім қабылдау және келісім беру функцияларын жүктемеу;

- Әрбір лауазым бойынша функционалдық міндеттердің шекарасын қайта қарап, өкілеттік жүктемені теңгеру;

- Шарттар мен қаржылық құжаттарға бірнеше лауазымды тұлғаның қол қоюын міндеттейтін бақылау механизмін енгізу;

- Тұрақты түрде салалық бағыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, тренингтер мен семинарлар өткізу;

- Тәуекелге бейім лауазымдар бойынша алдын алу шараларын нормативтік түрде бекіту;

- Мемлекеттік қызметтегі тәуекелге бейім лауазымдарға қатысты функцияларды шектеу бойынша үлгілік ұсынымдар мен регламент әзірлеу үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ұсыныс жолдау.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ұсыныстарды жолдау.

Хат

Деректерді

басқару бөлімінің басшысы

Г. Нукусова,

 

бас маманы мамандары Ш.Елешова, Б.Орынбаев

2025 жылдың екінші жартыжылдығы

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы