1990 жылғы 28 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ энергетика және мониторинг бөлімінің инспекторы ретінде бастады.
Әр жылдары осы Басқармада келесі лауазымдарды атқарды:
2014-2016 жылдары - әкімшілік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік қызметтерді бақылау бөлімінің, әкімшілік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.
2016-2019 жылдары - энергетика және коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы.
2019-2020 жылдары - «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ әкімшілік бөлімінің басшысы.
2020-2021 жылдары - «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ әкімшілік бөлімінің басшысы.
2021-2022 жылдары «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ цифрландыру бөлімінің басшысы.
2022 жылғы 19 шілдеде «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ деректерді басқару бөлімінің басшысы болып тағайындалды.