Ақтөбе облысы денсаулық сақтау саласы бойынша мәліметтерді, деректерді жинау туралы есеп нысанын толтыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтаманың мазмұны бойынша 2024 жылға арналған түсініктеме
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) 17 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту.
- Дәрігердің қабылдауына жазылу.
- Дәрігерді үйге шақыру.
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру.
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру.
- Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру.
- Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру.
- Транспланттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу.
- Жедел медициналық көмек шақырту.
- Пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру.
- Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру.
- Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру.
- "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру.
- "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру.
- "Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру.
- Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу.
- Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру.
Жоғарыда аталып өткен қызметтер бойынша Басқармамен 2024 жыл бойынша 10 496 937 қызметкөрсетілді. Оның ішінде:
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу – 201 141;
- Дәрігердің қабылдауына жазылу – 8 694 790;
- Дәрігерді үйге шақыру – 106 647;
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру – 244 273;
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру – 195 637;
- Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру – 202 574;
- Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру – 97 673;
- Транспланттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім – 212;
- Жедел медициналық көмекке шақыру – 152 004;
- Пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру – 118 515;
- Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру – 447 121;
- Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру – 141;
- «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру – 0;
- «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру – 0;
- «Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру – 5;
- Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту - 23989
- Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру – 1662;
- Санаторий-курорттық емделуге қажеттілік туралы қорытынды беру – 10553.